«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өткен республикалық онлайн турнирінің қорытындысы шығарылды.

ФИНАЛ

Турнир жаңалықтарын әлеуметтік желілер арқылы қадағалап отырыңыздар

жоғарғы сынып оқушылары арасындағы республикалық онлайн турнир

Онлайн турнир спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр,
әлемде, өнер, Қазақстан тарихы,
Қазақстан табиғаты, денсаулық,
ғылым тақырыптарындағы
20 000 астам сұрақтардан тұратын
«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық
ойыны негізінде өтеді.

«Кім білгіш?» мобильді ойыны бойынша тұңғыш республикалық онлайн турнир

«Кім білгіш?» мобильді ойыны Бірінші арнада өтетін және оқушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған «Умники и умницы» ойынының баламасы болып табылады. Біздің турнирдің ерекшелігі – онлайн өткізіледі, ойынға кез келген жоғарғы сынып оқушысы қатыса алады. Бағдарлама оқушыларға өз бетімен, сонымен қатар ортақ турнирлерде дайындалуға мүмкіндік береді. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі. Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

Қосымшаны телефоныңызға жүктеңіз

2016 жылдың ең ақылды оқушысы анықталды

2 желтоқсан күні Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өткен республикалық онлайн турнирінің қорытындысы шығарылды.

Осылайша қазақ тілінде өткен сайыста 1 орынды Шымкент қ. ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы Ақжол Ернұр жеңіп алып, 2 орынға Актобе облысы, Темір ауданы Кеңқия орта мектебінің 9-сынып оқушысы Байбақты Ерназ және 3 жүлделі орынға  Шымкент қ. ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы Лесов Еламан ие болды.

Орыс тіліндегі ойыншылардан 1 орынды Павлодар облысы, Ақсу қаласы 14 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Корчагин Данил жеңіп алып, 2 орынға Семей қ. Білім Инновациялық лицейінің 11-сынып оқушысы Кеңесбаев Қайдар және 3 жүлделі орынға  Павлодар облысы, Ақсу қаласы 14 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Карепов Илья ие болды.

Жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен: ноутбуктар, планшеттер және смартфондармен марапатталды.

ТУРНИРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
АРҚЫЛЫ ҚАДАҒАЛАП ОТЫРЫҢЫЗДАР