Жалпы ережелер

«Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өтетін жыл сайынғы республикалық онлайн турнирдің ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында республикалық «Кім білгіш?» онлайн турнир өткізеді (әрі қарай Турнир).

1.2.  Турнирдің мақсаты мен міндеттері:

— дарынды балаларды анықтау;

— оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру;

— білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу;

— өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

— шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

— әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

— оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

 

1.3. Турнир құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры.

Турнир өткізудегі ұйымдастырушы мен серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Турнир туралы барлық ақпаратпен ұйымдастырушылардың fpp.kz және www.qazaq-found.kz  сайттарынан және Қорлардың ресми әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

 

2. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

2.1. Турнир спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 25 000-нан астам сұрақтардан тұратын «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша өтеді.

2.2. Ойын бағдарламасы қатысушыларды жұптарға бөліп, жеңіске жеткен ойыншы Турнирдің басқа қатысушыларымен ойынды жалғастырады.

2.3. Ойын барлық деңгейлерде қарсыластарын ұтып шыққан жеңімпаз анықталғанға дейін жалғастырылады.

2.4. Ойын статистикасы Турнирдің әр қатысушысы жинаған нақты ұпайлар берілген рейтинг түрінде қорытынды нәтижені көрсетеді.  Ең көп дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз аталады.

2.5. Ойын әрқайсысы 3 сұрақтан тұратын 6 раундтан тұрады. Көмек ретінде қатысушыға 50/50 қызметін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Қатысушыға бір сұраққа жауап беруге 40 секунд уақыт беріліп, сұраққа жауап беруге үлгермеген жағдайда нәтиже қате деп саналады.

2.6. Қатысушыға әр раундта қолжетімді 9 категориядан кез-келгенін таңдап алу мүмкіндігі беріледі.

2.7. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.  Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

 

3. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ

3.1. Турнирдің басталуы туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

3.2. Турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі - 2017 ж. 20 мамырынан 30 маусымына дейін. Турнирге www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

3.3. Бірінші тур 2017 ж. 1 шілдеден 31 шілдеге дейін қашықты түрде онлайн режимінде өтеді. Бірінші турдың мақсаты келесі турға өтетін ойыншыларды іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын шарттарымен танысуы, меңгеруі.

3.4. I тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар автоматты түрде ІІ турға өтеді.

3.5. ІІ турға өткен қатысушылар смс пен электронды пошта бойынша хабарландырылады.

3.6. Екінші тур онлайн режимінде  2017 ж. 1 тамыздан 31 тамызға дейін өтеді.

3.7. Қорытынды тур 2017 ж. қазан айында Астана қаласында өтеді. Финалда ІІ тур жеңімпаздары жүлделі орындарға таласады. Финалдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады.

 

4. ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

4.1. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2017 ж. қазан айында Астана қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді.

4.2. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

4.3. Турнирдің қорытындысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарында және ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.