«Кім білгіш?» республикалық онлайн турнирінің қорытындысы шығарылды

30 қазан 2018 ж., Астана қ.

«Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өткен республикалық онлайн турнирінің қорытындысы шығарылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры директорының орынбасары Султан Айтжанов, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты.

«Кім білгіш?» турнирі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Жобаның мақсаты - оқушылардың интелектуалдық және танымдық қабілеттерін ынталандыру, шығармашылық және білім деңгейін көтеру, IT саласында білім қалыптастыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау, бәсекелестік рухын дамыту, сонымен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

«Кім білгіш?» турнирі үшінші рет өткізілуде. Алдыңғы екі ойын нәтижесі бойынша республиканың әртүрлі аймақтарынан келген 22 жоғарғы сынып оқушылары арнайы дипломдар мен ноутбук, планшет және смартфондар сияқты бағалы сыйлықтарға ие болған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры директоры Қанат Жұмабаев: «Кім білгіш?» турнирі сәтті жоба болғандықтан, ойын жылдан жылға танымал болып келеді, сол себепті 2019 жылы да өткізуді жоспарлап отырмыз.» - деді.

«Кім Білгіш?» ойыны спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 000-нан астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша.

Екі кезеңнен тұратын турнир онлайн түрінде, жазғы демалыс кезінде өтті. Осы жылы Республиканың әртүрлі өңірлеріндегі оқушылар белсенділік танытып, 7 мыңға жуық мектеп оқушылары қатысты. Финалға ең көп ұпай жинаған 8 оқушы өтті. Ақтық ойын Астана қаласында болды, ол жерде үздік ойыншылар эрудиция және жылдамдығымен жарысты.

Осылайша, қазақтілді ойыншылар арасында 1 орынға Орал қаласынан 11 сынып оқушысы Исабек Мұратов, 2 орынға Алматы қаласынан 11 сынып оқушысы Нұрайша Қайысбекова, 3 орынға Шымкент қаласынан 10 сынып оқушысы Әміржан Құдайберген ие болды.

Орыстілді ойыншылар арасында 1 орынға Семей қаласынан 11 сынып оқушысы Антон Мануленко, 2 орынға Алматы облысынан 10 сынып оқушысы Рамиля Ахмет, 3 орынға Алматы қаласынан 10 сынып оқушысы Ерасыл Ернарұлы ие болды.

Финалға қатысқан екі ойыншы арнайы диплом мен ынталандыру сыйлығына ие болды. Турнирдің жеңімпаздарына «2018 жылдың ең ақылды оқушысы» атты арнайы диплом мен ноутбук, планшет, смартфон сияқты бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс шараның соңында ұйымдастырушылар «Кім Білгіш?» мобильді ойынының сұрақтары бойынша көрермендер арасында викторина өткізді, өздерін ерекше көрсете білгендер арнайы сыйлықтарға ие болды.

Байланыс: 8(7172) 27-26-09

www.qazaq-found.kz