Қатысу шарттары

Турнирді өткізу шарттары

1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

1.1. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 20 000 астам сұрақтардан тұратын «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша өтеді.

1.2. Ойын бағдарламасы қатысушыларды жұптарға бөліп, жеңіске жеткен ойыншы Турнирдің басқа қатысушыларымен ойынды жалғастырады.

1.3. Ойын барлық деңгейлерде қарсыластарын ұтып шыққан жеңімпаз анықталғанға дейін жалғастырылады.

1.4. Ойын статистикасы Турнирдің әр қатысушысы жинаған нақты ұпайлар берілген рейтинг түрінде қорытынды нәтижені көрсетеді.  Ең көп дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз аталады.

1.5. Ойын әрқайсысы 3 сұрақтан тұратын 6 раундтан тұрады. Көмек ретінде қатысушыға 50/50 қызметін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Қатысушыға бір сұраққа жауап беруге 40 секунд уақыт беріліп, сұраққа жауап беруге үлгермеген жағдайда нәтиже қате деп саналады.

1.6. Қатысушыға әр раундта қолжетімді категориялардан кез-келгенін таңдап алу мүмкіндігі беріледі.

1.7. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.  Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

 

2. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ

2.1. Турнирдің басталуы туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

2.2. Турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі -  2016 ж. 21 қазанынын 1 қарашасына дейін. Турнирге www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

2.3. Бірінші тур 2016 ж. 1 қарашадан 7 қарашаға дейін онлайн режимінде өтеді. Бірінші турдың мақсаты келесі турға өтетін ойыншыларды іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын шарттарымен танысуы, меңгеруі.

2.4. I тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар автоматты түрде ІІ турға өтеді.

2.5. ІІ турға өткен қатысушылар смс пен электронды пошта бойынша хабарландырылады.

2.6. Екінші тур онлайн режимінде  2016 ж. 7 қарашадан 15 қарашаға дейін өтеді. Қатысушылар таңдаған тілге (орысша немесе қазақша) сәйкес топтарға бөлінеді.

2.7. Қорытынды тур 2016 ж. 25 қарашада Астана қаласында өтеді. Финалда ІІ тур жеңімпаздары жүлделі орындарға таласады. Финалдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады.

 

3. ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

3.1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

3.2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

3.3. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2016 ж. 25 қарашасында Астана қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді.

3.4. Финалға және марапаттау рәсіміне қатысуға кететін  шығындарды Турнирге қатысушылар өздері көтереді.

3.5. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

3.6. Турнирдің қорытындысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарында жарияланады.