Финал (2017)

2017 жылдың ең ақылды оқушылары болып Бихан Боранбай мен Влада Горбенко атанды

Үздіктер Назарбаев орталығында (Астана қ.) «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн турнирінің 13 қазанда өткен қорытынды ойынында анықталды. Сонымен қатар 5000 қатысушыдан озық болған 12 финалист құрмет дипломдары мен бағалы сыйлықтармен: ноутбуктер, планшеттер және смартфондармен марапатталды.

         Осылайша қазақ тілінде өткен сайыста 1-ші орынды  Павлодар облысы, Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 11-ші сынып оқушысы Бихан Боранбай, 2-ші орынға Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-ші сынып оқушысы  Рахат Бейсенбек,  3-ші жүлдені Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-шы сынып оқушысы Еламан Лесов ие болды.

         Орыс тіліндегі ойыншылардан 1-ші орынды Павлодар облысы, Ақсу қаласы   № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Влада Горбенко, 2-ші орынға Павлодар облысы, Ақсу қаласы № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Артём Никишин, 3-ші орынға Павлодар облысы, Ақсу қаласы № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Данила Григорьев ие болды.

         Жүлдегерлер «2017 жылдың ең ақылды оқушысы» дипломдары мен бағалы сыйлықтармен: ноутбуктер, планшеттер және смартфондармен марапатталды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, космонавт Айдын Айымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев және басқалар қатысты.