II тур басталды!

Турнир жаңалықтарын әлеуметтік желілер арқылы қадағалап отырыңыздар

жоғарғы сынып оқушылары арасындағы республикалық онлайн турнир

Онлайн турнир спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр,
әлемде, өнер, Қазақстан тарихы,
Қазақстан табиғаты, денсаулық,
ғылым тақырыптарындағы
35 000 астам сұрақтардан тұратын
«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық
ойыны негізінде өтеді.

«Кім білгіш?» мобильді ойыны бойынша республикалық онлайн турнир

«Кім білгіш?» мобильді ойыны Бірінші арнада өтетін және оқушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған «Умники и умницы» ойынының баламасы болып табылады. Біздің турнирдің ерекшелігі – онлайн өткізіледі, ойынға кез келген жоғарғы сынып оқушысы қатыса алады. Бағдарлама оқушыларға өз бетімен, сонымен қатар ортақ турнирлерде дайындалуға мүмкіндік береді. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі. Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

Қосымшаны телефоныңызға жүктеңіз

tournament

II тур басталды

 

«Кім білгіш?» онлайн турнирінің IІ туры басталғанын хабарлаймыз.

І тур аяқталды, оның нәтижесі сайттың «I ТУР НӘТИЖЕЛЕРІ» қосымша парағында орналастырылды.

Ал енді, достар, IІ тур басталады. І тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылардан 120 адам (60 адам қазақ тілінде ойнағандар, 60 адам орыс тілінде ойнағандар) екінші турға өтеді.

Екінші турда ұйымдастырушылар ойыншыларды өздері таңдаған тіліне сәйкес топтарға бөліп, турнирді бастайды. Әр ойыншы өзінің тобынан 9 ойыншымен ойнайды, барлығы 10 ойын, олар «Ойындар» атты бірінші қосымша парақта тұрады.

Ең көп жеңіске жеткен ойыншы финалға өтеді.

Ойынның қорытындысы кесте түрінде «Турнирлер» -> «Байқау» -> «Ойындар» категориясында көрсетіледі.

ІІ тур  2019 жылдың 5 қарашасынан 30 қарашаға дейін өтеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Анықтама телефоны: 8 (7172) 27-26-09

ТУРНИРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
АРҚЫЛЫ ҚАДАҒАЛАП ОТЫРЫҢЫЗДАР