ЖАҢАЛЫҚТАР

II тур басталды

«Кім білгіш?» онлайн турнирінің IІ туры басталғанын хабарлаймыз.

І тур аяқталды, оның нәтижесі сайттың «I ТУР НӘТИЖЕЛЕРІ» қосымша парағында орналастырылды.

Ал енді, достар, IІ тур басталады. І тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылардан 120 адам (60 адам қазақ тілінде ойнағандар, 60 адам орыс тілінде ойнағандар) екінші турға өтеді.

Екінші турда ұйымдастырушылар ойыншыларды өздері таңдаған тіліне сәйкес топтарға бөліп, турнирді бастайды. Әр ойыншы өзінің тобынан 9 ойыншымен ойнайды, барлығы 10 ойын, олар «Ойындар» атты бірінші қосымша парақта тұрады. Ең көп жеңіске жеткен ойыншы финалға өтеді.

Ойынның қорытындысы кесте түрінде «Турнирлер» -> «Байқау» -> «Ойындар» категориясында көрсетіледі.
ІІ тур  2019 жылдың 5 қарашасынан 30 қарашаға дейін өтеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!