ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

App Store немесе Play Market арқылы
«Кім білгіш?» қосымшасын жүктеп алыңыз.
Тіркеуден өтіңіз де, ID нөмір алыңыз. ID нөмір автоматты түрде беріледі, оны ойыншының профилінде көруге болады.
2019 жылдың 6 қыркүйегінен 1 қазанға дейін

Турнирге қатысуға өтінімді
kto-umnee.qazaq-found.kz сайтында беріңіз.

I ТУР
2019 жылдың 1 қазанынан 31 қазанға дейін

Ойында белсенділік таныту керек. Жеңісіңіз неғұрлым көп болса, солғұрлым жақсы. Өтінім берген қатысушылардың ішінен төрешілер ең табысты ойыншыларды таңдап алып, оларды пошта және смс арқылы хабардар етеді.

II ТУР
2019 жылдың 1 қарашасынан 20 желтоқсанға дейін

Таңдап алған тілге (қазақ немесе орыс тілі) сәйкес қатысушылар топтарға бөлінеді және қосымшадағы әкімшілікпен арнайы құрылған турнирлерде өзара сайысқа түседі.

ФИНАЛ
2019 жылдың соңында

Қорытынды тур Нұр-Сұлтан қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді. Финалға ІІ тур жеңімпаздары қатысады. Соңғы тур нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз атанады.